Елбасы Түрікменстан президентімен кездесті

0
93

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті аясында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы түрікменстандық әріптесі Гурбангулы Бердімұхамедовке ілтипат білдіріп, онық Қазақстанға сапарынан кейін екі мемлекет арасындағы бауырластық артып, сауда қатынастары жанданып келе жатқанын айтты.

Өз кезегінде Түрікменстан президенті Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитін жоғары бағалап “Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар”, – деді

Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізі проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз