Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн болашақ «Нұр Әлем» музейін тамашалады

0
46

ЭКСПО-2017 аумағында «Нұр Әлем» болашақ музейінің ашылуы қарсаңында Иордания королі ІІ Абдалла  бен әл-Хусейн музейді тамашалады.

Бұл ЭКСПО-2017 көрмесі жабылғаннан кейін шет мемлекет басшысының алғаш рет келуі.

Сапар барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Иордания королін болашақ “Нұр Әлем” мұражайының негізгі экспонаттарымен таныстырды.

Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусеин ЭКСПО-2017 көрмесіне Иорданияның қатысуы Қазақстан мен екіжақты қарым-қатынастардың нығая түсуіне ерекше ықпал еткенін айта кетті.

Еске сала кетейік, елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусеин музейге бармас бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз