Қазақстан мен Ресей туризм ынтымақтастығын дамытуы қажет -Путин

0
121
Ақорда

9 қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының форумы аясында Петропавл қаласында кездесті.Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорда

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен туризм саласындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президентімен жүздескенде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы табысты өткенін айтты.

Қазақстан президенті бүгінгі өңіраралық ынтымақтастық форумы тақырыбының өзектілігін атап өтіп, мәдени және экономикалық ықпалдастық аясында туризм саласындағы ынтымақтастықты өркендетудің маңыздылығына арнайы тоқталды.

В.Путин Қазақстанның сауда-экономика саласындағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтіп, екі жақты қарым-қатынастардың жоғары даму қарқынына назар аударды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының президенті туризм саласындағы екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың әлеуеті зор екенін айтты.

Келіссөздер соңында мемлекеттер басшыларына «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамытуға арналған жоба таныстырылды. Сонымен қатар, Президенттерге әлеуметтік нысандардың салыну барысы, инфрақұрылым желілерінің жөнделу нәтижелері және Байқоңыр қаласындағы тұрғын үй алаптарының газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан өзге Н. Назарбаев пен В. Путин екі мемлекеттің туризм саласын дамытудың жаңа жоспарлары мен перспективаларына арналған көрмеге барды.Көрмеге қазақстандық және ресейлік компаниялардың екі ел тұрғындарына арналған ауқымды туристік өнімдері қойылған.

Ақорда
Ақорда

Атап өтерлігі, мемлекет  басшысы Нұрұслтан Назарбаев және Ресей басшысы Владимир Путин 8 қарашада Астанада өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысты. Путиннен өзге аталған отырысқа Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян мен ұйымның бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков қатысты.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз