Астанада ҰҚШҰ кеңесінің отырысы өтіп жатыр

0
200

Бүгін Астанада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысы өтіп жатыр.

Алқалы жиынға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян мен ұйымның бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков қатысуда.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылы құрылған болатын. Мұндағы мақсат ұйымға мүше елдерде бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендеген қорғау болып табылады.

 

Өткен жылы ұйымға Белорусь Республикасы төрағалық еткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз