Қазақстан-Мысыр бизнес форумы өтеді

0
88
ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

5 наурыз күні Қазақстан мен Мысыр Араб Республикасының іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Мысыр бизнес-форумы өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Жиында сауда, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен және басқа да салаларда қызмет ететін 20-дан астам мысырлық компаниялардың басшылары қатысады.

Мысыр делегациясын Сауда және өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Таха Борайе басқарады.

Айта кетерлігі, Қазақстан-Мысыр бизнес-форумы 1992 жылы
6 наурызда орнатылған Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жылдық мерейтойын тойлауымен сәйкес келіп отыр.

2018 жылы Мысырмен екіжақты сауда көлемі 84 млн. АҚШ долларын көрсеткен. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт 16,6 млн. долларға, ал Мысырдан импорт 67,2 млн. долларға жетті.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз