Жамбыл облысында жаңа прокурор

0
166
дереккөзден

Жамбыл облысының жаңа прокуроры болып Жарқын Құсайынов тағайындалды. Бұған дейін Құсайынов  аймақтың бас прокурорының орынбасары болған. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

Облыстың бұрынғы бас прокуроры лауазымын атқарған Ибрагим Иманов зейнетке шыққандықтан, қызметінен кетті.

Құсайынов Жарқын Қуанышұлы 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі.

  • Бас прокуратураның істерді басқару канцеляриясының инспекторы;

  • Алматы гарнизонының әскери прокурорының аға көмекшісі, бөлімнің әскери прокуроры, Бас әскери прокуратураның Бас әскери прокуроры;

  • Басқарманың аға прокуроры, Алматы прокуратура басқармасы басшысының орынбасары;

  • Алматыдағы Медеу,Әуезов аудандары прокурорының орынбасары;

  • Бас прокуратура департаменті бөлім басшысы;

  • Алматы прокуратура басқарама басшысы;

  • Алматы Медеу ауданының прокуроры;

  • Жамбыл облысы прокурорының орынбасары (2018 жылдың сәуірінен бастап).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз