Байденді президент Тоқаев құттықтады, Назарбаев еске алды

0
133
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев.

7 қараша күні АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джозеф Байденге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады.

Президент Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Байденге ағылшынша құттықтау жазды. Ол жаңадан сайланған президентке табыс тілеп, екі елдің арасындағы байланыстың нығаятынына сенім білдіретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Джозеф Байденге жіберген жеделхатында оны АҚШ президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Назарбаев Байденге сәттілік тілеп, 2010 жылы Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз