Германия Қазақстандағы үздік 10 шетелдік инвесторлар қатарында

0
134
Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

11 ақпан Қазақстанның Австрия Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы және Испания Королдігімен саяси ынтымақтастық қарым-қатынасқа 27 жыл толды. Еліміздің осы еуропалық мемлекеттермен ынтымақтастығы дәстүрлі түрде өзара тиімді серіктестік бағытында дамып келеді.

Мемлекеттер сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Өткен жылы Австриямен екі жақты сауда көлемі 162,8 миллион АҚШ долларын құраған. Қазақстанда австриялық капиталда 50-жуық кәсіпорындар жұмыс істейді.

Ынтымақтсатық қарым-қатынасқа 27 жыл толып отырған Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанның маңызды саяси және сауда экономикалық әріптесі болып табылады. 27 жыл ішінде Астана мен Берлин арасында саяси берік диалог, құқықтық база орнатылып сауда-экономикалық өзара әрекет ауқымды серпінді дамыды.

Австрия және Германия Федеративтік Республикалары Қазақстандағы үздік 10 шетелдік инвесторлардың тізіміне кіреді. Соңғы төрт жыл ішінде құрылыс, химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіптік өндіріс, бастапқы кен орындарын игеру және т.б. салаларда Қазақстан мен Германияның кәсіпорындары арасында 2 млрд. еуродан астам сомаға бірқатар экономикалық жобалар жүзеге асырылды.

Екі ел арасында табысты және жақында іске асырылған бірлескен жобалардың қатарында BASF компаниясымен Шымкент қаласындағы цемент зауытын жаңғырту, OBI халықаралық супермаркеттер желісін құру, Алматы облысындағы WILO электрлік сорғылар өндіретін зауыт салу, «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ негізінде техникалық газдардың LindeAG концернінің өндірісі, Baumann Gmbh & Co.KG компаниясының ет өнімдерін өңдеу жөніндегі кешенді салу, Қарағанды облысының Саран қаласындағы Goldbeсk Solar GmbH компаниялар тобының күн энергетикалық паркін құру және т.б. жобалар бар.

Жалпы алғанда, 2005-2018 жылдар кезеңінде Германия Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 8,649 млрд. АҚШ долларын құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз