Жеңіспен басталған алғашқы ойын

0
89
Photo: vesti.kz

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жергілікті Астана командасы Черногориялық “Сутьесканы” қабылдады.

Ойынның бірінші жартысында Астана командасының шабуылшысы Роман Муртазаев қонақтар қақпасын дәл көздеді. Нақтырақ айтқанда қарсылас команда дөрекі ойнағаны үшін төреші пенальти тағайындаған болатын. Ал мұндай мүмкіндікті Мұртазаев мүлт жібермеді. Есеп еш өзгерместен ойын соңына дейін осылай қалды. Нәтижеде Астана өз алаңында жеңіске жетті.

Қарымта ойын бір аптадан соң Черногорияда өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша басым түскені Данияның “Мидтьюлланд” құрамасымен кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз