Меркельден Трампқа жауап

0
52
дереккөзден

ГФР канцлері Ангела Меркель АҚШ басшысы Дональд Трамптың Берлин Ресейдің толық бақылауында деген сөзіне жауап қайырды. Аталған мәлімдемені Меркель 11 шілдеде Брюссельдегі НАТО саммитінде жасады. Бұл туралы Reuters хабарлайды. 

“Германияның бір бөлігі Кеңес Одағының қол астында болған кезеңдерді мен де басымнан өткердім”, – деген Меркель бүгінде “біз тәуелсіз Германия Федеративті Республикасында бірлікте өмір сүрудеміз” деп атап өтті. Осы орайда, Германия канцлері Германияның өз еркін саясаты барын, өздігінен шешім қабылдай алатындарын алға тартты.

Меркель сондай-ақ, Вашингтон ғана емес, Берлин де НАТО үшін қолдан келгенін жасауда деп атап өтіп, НАТО-да АҚШ-тан кейінгі қозғаушы кезекті күш ФРГ екенін алға тартты.

“Біз Ауғанстан бойынша белсенді ықпалдасудамыз. Осылайша, біз де АҚШ-тың қызығушылығын қорғаудамыз” – Меркель.

Бұған дейін Трамп Германия  “Северный поток-2” жобасын қолдағаны үшін “Ресейдің тұтқынына айналды” деген еді.

“Северный поток-2” – Балтық теңізіне дейін салынатын Ресей мен Германия арасындағы газ құбыры.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз