Facebook «трольдар фабрикасының» соңына түсті

0
96

Facebook Inc. компаниясы Ресейлік «Федералды жаңалықтар агенттігінің» (ФАН) еншісіндегі жүздеген парақша мен оларға тиесілі жазбаларды бұғаттады. Бұл туралы немістің Deutsche Welle (DW) интернет басылымы хабарлайды.

Facebook компаниясының басшысы Марк Цукербергтің айтуынша, Ресей масс-медиасында «трольдар фабрикасы» деп аталып кеткен «Федералды жаңалықтар агенттігі» әлемдік қауымдастықты алдап, қоғамдық пікірді бұрмалаумен айналысып келеді.

Неміс басылымының хабарлауынша, Facebook Inc. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан басқарылатын «трольдар фабрикасына» қатысы бар екені анықталған жүздеген парақша мен жазбаны өшірді.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында Цукерберг ФАН-ның қоғамдық пікірді бұрмалап, әлемдік қауымдастықты алдап келгенін атады. «Біз бұдан былай олардың Facebook-та болғанын қаламаймыз», – деді басшы.

Сондай-ақ, Цукербергтің мәлімдеуінше, жиналған дәлелдер ФАН-ның штаб-пәтері Санкт-Петербург қаласында орналасқан «Интернет-зерттеу агенттігі» атты ұйым тарапынан бақыланып және басқарылып отырғанын көрсетті.


«Федералды жаңалықтар агенттігінің» егесі ретінде Евгений Пригожинның есімі аталады.

Орыс медиасында Ресей президенті Владимир Путинның айналасындағы адамдардың бірі ретінде танылған Пригожинның, сонымен қатар, осыдан екі айға жуық уақыт бұрын Сирияда басы бәлеге қалған «Вагнер» жекеменшік әскери компанясының басшысы екені айтылады.

Бұған қоса, бизнесмен Пригожинға 2016 жылы Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) өткен президенттік сайлауға араласты деген айып та тағылып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз