Ресей Федерациясы (РФ) 60 америкалық дипломатты еліне қайтарып, Петербургтегі Америка Құрама Штаттары (АҚШ) бас елшілігінің жұмыс келісімін қайтарады. Мәскеудегі АҚШ елшілігі мен Екатеринбургтағы АҚШ консулдығының 58 қызметкері 5 сәуірге дейін Ресей аумағынан кетуі тиіс, ал Петербургтегі консулдық ғимараты 31 наурызға дейін босатылуға тиісті. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, аталған шешім АҚШ-тың ресейлік дипломаттарды еліне қайтаруы және Сиэтлдағы Ресейдің консулдығының жабылуына берілген жауап болмақ.
Аталған жайтқа қатысты пікір білдірген РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Біз шындықты орнатқымыз келеді», – дейді.
Сергей және Юлия Скрипальдың улану себебін анықтау үшін Ресей химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның атқарушы кеңесі отырысын өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ Сергей Лавров 26 наурызда Ресей елшілерін аумақтарынан шығарып, елге қайтарған өзге де мемлекеттерге айқын шаралар қолданылатынын хабарлады.