Таиландта 20 мьянмалық мигрант қаза тапты

0
87
AP photo

Мьянмалық жиырма мигрант жүріп бара жатып өртеніп кеткен автобуста қаза тапты. Қайғылы оқиға Так провиницясының бойында орын алған.

Жергілікті Nation газеті таратқан ақпарға сәйкес, Таиландқа қарай жұмысқа орналасуға бара жатқан 47 мьянмалық миргант мінген автобус кенеттен ішінен өртене бастаған. Өрттен аман қалған жолаушылардың айтуынша, өрт автобус салонының ортасын шарпып, бірден артқы орындықтарға шапқан. Өрттің тез тұтануы салдарынан автобустағы жолаушылар сыртқа шығып үлгермеген. Жүргізуші автобусты тоқтатып үлгерген, сәтінде 24 жолаушы, автобус жүргізушісі мен жұбайы сыртқа шығып кетіп, өрттен аман қалған. Жергілікті басылым автобустың артқы орындықтарына жайғасқан 20 мигрант тірідей жанып кеткендігін хабарлайды.

Автобус жүргізушісі өрт сөндіру қызметін шақыртқанымен, алапат жалыннан жолаушыларды құтқару мүмкін болмады. Өрт сөндіру қызметі мен жергілікті полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады басылым.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз