Apple компаниясы Iphone смартфоны үшін байланыссыз басқару және иілген экран жасақтап шығаруы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. RNS аталған технологиялар болашақта жасалып шығатын телефондарда қолданылуы мүмкін деп хабарлайды.
Дереккөз таратқан ақпарға сәйкес, смартфонды байланыссыз басқару тұтынушылар үшін Iphone смартфонының бірқатар құрылымдарына енуге мүмкіндік береді, яғни тұтынушы экранға қол тигізбесе де, экраннан сәл қашықтықта тұрып та телефонды пайдалана алады. Агенттік егер Apple компаниясы аталған құрылымдық ерекшелікті смартфонға енгізетін болса, оған шамамен 2 жыл уақыт кететінін хабарлайды.
Сондай-ақ компания Iphone смартфоны үшін ортаға қарай иілген дисплей жасақталып жатқандығын хабарлады. Аталған технологияны смартфонға енгізу үшін 2-3 жыл кететіндігі айтылады. Bloomberg бұл технология Samsung компаниясы шығаратын мобильді телефондардың үлгісінен (Samsung мобильді телефондарының соңғы үлгілерінде экраның шет жақтары ғана еңіс болған) мүлдем ерек екендігін хабарлайды.
Дегенмен, Bloomberg аталған жаңашыл технолгиялар мен оны жасақтау ісі әзірге зерттеліп жатқандығын, Apple компаниясы аталған идеялардан бас тартуы әбден мүмкін екендігін де ескертеді. Компания өкілі агенттікке пікір білдіруден бас тартты.