Мюнстердегі теракт: Қылмыскер – лаңкес емес

0
101
/Twitter © Konservativ83

Өткен сенбіде психологиялық ауытқуы бар Германияның 49 жастағы азаматы Мюнстерде жергілікті тұрғындар топталған аймаққа жүк көлігімен басып кірген. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі де көз жұмды, 30-ға жуық адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға болған жазғы дәмхана алаңына Мюнхен тұрғындары гүл шоқтарын алып, шырақ жағуда. Қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын қоюға Солтүстік Рейн-Вестфалия және Германия Федеративті Республикасының (ГФР) ішкі істер министрлері Херберт Ройль және Хорст Зеехофер келді.

ГФР ішкі істер министрі Хорст Зеехофер ел азаматтарының қауіпсіздігі үшін күш салып жатқан күннің өзінде өкінішке орай, оларды (ел азаматтарын -ред) толық қорғау мүмкін еместігіне кезекті көз жеткіздік, деп мәлімдеді.

Министрлер оқиғаға қатысты тергеудің жалғасып жатқандығын, әрі аталған жайттың лаңкестікке қатысы жоқтығын растады.

Ал Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды аумағының ішкі істер министрі Херберт Ройль «қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен» деп мәлімдеп, мұндай әрекетке барған қылмыскердің босқын емес, неміс азаматы екендігін және оның лаңкес еместігін атап өтті.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, қайғылы оқиғаға себепші болған айыпталушының тұрғылықты үйін тінту барысында Калашников автоматының муляжы табылған. Мюнстер прокуратурасы жүк көлігінің жүргізушісі бұған дейін де жауапқа тартылғанын растады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз