Әзербайжанда президент алғаш рет 7 жылға сайланды

0
112

Әзербайжанда кезектен тыс өткен президенттік сайлауда 86%-дан астам дауыспен Ильхам Әлиев төртінші мерзімге қайта сайланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше сайлаушылардың 86%дан астамы қазіргі президентке дауыс берген. Бұл туралы Euronews хабарлайды. 

Кезектен тыс өткізілген сайлаудың басты ерекшелігі мемлекет басшысының өкілеттілігі бұрынғысынша бес жылға емес, 7 жылға дейін ұзартылды.

«Демократиялық күштердің ұлттық кеңесі» оппозициялық блогы сайлауға бойкот жариялады. Әлиевтің қарсыластары сенбі күні қайта сайлауға қарсы митинг өткізетінін мәлімдеді.

Биылғы сайлауға 8 үміткер қатысты. Ильхам Әлиев «Ени Азербайджан» партиясының атынан қатысқан болатын. Ильхам Әлиевтың президенттік өкілеттілігі 2016 жылықабылданған шешімнің негіззінде 7 жылға ұзартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз