Сирия АҚШ-тың соққысына дайындалуда

0
171
дереккөзден

Сирия Америка мен Ресейдің соққысына қарсы соңғы сәттегі ең көлемді  тартысқа дайындалуда. Үкімет әскері АҚШ және оның одақтастары тарапынан көлемді соққы күтіп отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Думадағы (Сирия қаласы – ред) химиялық шабуыл үшін Сирияға соққы жасаймын деп сес көрсеткен еді.

Өз кезегінде, Мәскеуде  Думада химиялық соққы болған жоқ, болған жайт арандатушылық және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіру деп мәлімдеді.

Қорғаныс бойынша дума комитетінің басшысы Владимир Шаманов федералды телевидене эфирінде Сирияда орыс Әуе қорғаныс күштерінің орналастырылғанын, барлық аймақ соққы жасалғанын күтіп отырғандығын хабарлады.

Euronews ресми емес дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Шығыс Жерорта теңізіне қарай америкалық әскери қаруланған кемелер мен британдық су асты қайықтары бағыт алғанын хабарлайды. Дегенмен, Ақ үйде аталған операцияға қатысты нақты шешім қабылданбағаны хабарланады, Трамптың жазған  зымыран шабуылы болса , жағдайды дамытудың тек бір ғана нұсқасы. Daily Telegraph таратқан ақпарға сәйкес, Ұлыбритания бейсенбі кешке Сириядағы нысанға шабыул жасағалы отыр.


Еске салсақ, жексенбіде Шығыс Ғұтада химиялық шабуыл орын алды. Салдарынан БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, ондаған адам, соның ішінде басым көпшілігі балалар зардап шеккен. Химиялық шабуылға бүлікшілер Үкімет әскерін айыптады. Ал билік әскері болса, мұны үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Думадағы химиялық шабуыл әлемдік кеңістікте үлкен резонанс тудырып, ірі державалар арасындағы қияң-кесі кикілжіңнің отын қыздырды. Өз кезегінде, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сирия билігін Дума қаласындағы тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданды деп, ал Ресейді адамзатқа қарсы қылмысқа қатысы бар деп айыптады. Өз кезегінде, Ресей орыс және сириялық сарапшылардың тергеуіне сілтеме жасай отырып, ешқандай химиялық шабуыл болған жоқ деп мәлімдеді. Ал АҚШ Ресейді президент Башар Асад (Б. Асад – Сирия Араб Республикасының президенті – ред) режимін қайталауда деп айыптады. Ал Франция болса, Мәскеуден Шығыс Ғұтадағы шабуылдарды тоқтатуды және аталған аймақтағы жағдайларға қатысты тәуелсіз сараптама жасауды талап етті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз