Шығыс Ғұта толықтай Сирия билігінің бақылауында

0
89
Дума, Сирия/дереккөзден

Сирия үкіметі Шығыс Ғұтаны бүлікшілерден босатып толықтай өз билігіне алды. Бұл туралы соғысушы тараптарды біріктіру орталығының басшысы Юрий Евтушенко мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Юрий Евтушенко «Бүгін Сирия Араб Республикасының тарихында елеулі оқиға болды. Дума қаласында ғимараты үстінде мемлекеттік жалау жоғары көтерілді. Бұл Шығыс Ғұта толығымен үкімет бақылауына алынды деген сөз», деп мәлімдеді.

Оның айтуынша «Джейш әл-Ислам» лаңкестік ұйымының бүлікшілері Дума қаласын толықтай тастап шықты. Қазіргі уақытта қалада Ресейдің әскери полиция бөлімшелерінің жұмысы басталды. Ресей әскері Думаның Сириядағы заңды үкіметінің бақылауында заң мен тәртіпті қадағалайтын болады.


Думада жүргізілген операциялар барысында 165 мың бейбіт тұрғын мен заңсыз қарулы қозғалыс күштерінен 250 тұтқын босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз