Ресейдің ұлттық валютасы – рубль Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональда Трамптың кешегі дүмді сөздерінен кейін құлдырауын жалғастырды. Американ басшы Ресейді Сириядағы позицияларын нықтап, ракеталық шабуылға дайын болуға шақырған еді.

Мәскеу биржасының мәліметіне сүйенсек, Трамптың сөздерінен кейін доллар күнді 64,4 рубль деңгейінде аяқтады, ал евро 79,7 рубльге көтерілді.

Әйтсе де, мұнай бағамы Таяу Шығыстағы тасымал жолдарының жабылып қалуы ықтималына байланысты шарықтап өсіп келеді. Brent маркасының маусымдық фьючерстері Лондон биржасында бареліне 72 долларға дейін көтерілді.


Бірнеше ай бұрын мамандар Сириядағы жағдайдың шиеленесуі мүмкін екенін ескеріп, орыс ұлттық валютасы бағамының долларға шаққандағы құнының 55−60 рубльге шейін құнсызданатынын болжаған болатын. Алайда аймақтағы жағдай ушығып бара жатқанына қарасақ, оптимистік болжамдар жасауға негіз жоқ секілді көрінеді.


Мәскеу биржасының бейсенбі күнгі сатылымдарында рубль ес жия бастады. Күндіз рубль құны көтеріліп, доллар – 62 рубль, евро – 77 рубльдің маңайына кері шегінді.

 

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз