Алжирде аза тұту күні жарияланды

0
120

Бүгін Блида қаласының маңында Ил-87 әскери ұшақ апатынан 257 адамның көз жұмуына байланысты Алжирда қаралы күн деп жарияланды.

Ил-78 ұшағы сәрсенбі күні Алжирден 50 шақырым жерде әскери базаның аэродромынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлап, өртке оранған. Ресми мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында 10 экипаж мүшесі және 274 жолаушы болған.

Жергілікті ақпарат өкілдерінің мәліметтеріне сәйкес, ұшақ бортында Батыс Сахараны азат ету Ұлттық фронтының 26 сарбазы болған.

Бұл оқиға Алжир тарихында қаза тапқан адам санына байланысты ең ірі апат болып есептелінеді. Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда. Жұма күні елдің барлық мешіттерінде қаза тапқандардың артынан еске алу дұғасы оқылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз