Сириядағы жағдай шиеленісе түсті

0
150
Дума, Сирия/дереккөзден

Бірқатар елдердің әскери кемелері Сирияға қарай бағыт алды, әуе қарулы-күштері шабуылға дайындық үстінде. Жағдайдың қалай өрбитінін АҚШ пен Түркия президенттері талқылады.

Кейбір саясаткерлер мен сарапшылардың болжамына сәйкес, АҚШ пен Ресейдің тікелей әскери қақтығыс қаупі Қырғиқабақ соғыс кезеңінен де асып түседі .

Дегенмен, Сирияға шабуыл жасауға қатысты соңғы шешім шықпады – Ақ үй өзге де нұсқалар бар екенін мәлімдеді, деп жазады Euronews.

Трамп Ресей мен Сирияны химиялық шабуылда айыптады

Ақ үйдің баспасөз қызметінің басшысы Сара Сандерс АҚШ басшысының Думадағы химиялық шабуылға Сирия мен Ресейді жауапты дегенін мәлімдеді. Сондай-ақ Сандерс шабуыл жасаудан өзге де нұсқалардың қарастырылып жатқанын, аталған жағдайға қатысты нақты шешім шықпағанын хабарлады.

Путин оңтайлы ой үстемдік құратынына сенеді

Ресей Шығыс Ғұтадағы химиялық шабуылды арандатушылық деп мәлімдеп, шабуылға қатысымыз жоқ деп аталған айыптауларды жоққа шығарды.

РФ президенті Владимир Путин сәрсенбіде әлемдегі шиеленіскен жағдайға қарамастан, оңтайлы ой үстемдік құратынына сенім білдірді. Ал Ресей СІМ Батыстың әрекетін қасіретті салдарға әкелуі мүмкін деп қатаң мәлімдеме жасады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз