Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылтайшы елдерінің тізімінен шығуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Украина президенті Петр Порошенко Киевтің қауіпсіздігі туралы форумда «Ел Үкіметімен бірге ТМД елдері қатарынан ресми түрде шығу туралы ұсыным дайындап, Минск жанындағы тиісті институттарда украиналық өкілдікті жабуды тапсырар едім», деп мәлімдеді.
Ел президенті министрлікке нақты түрде Украинаны ТМД елдерінің құрамынан ресми түрде шығару туралы процедураны бастауды тапсырды.