14 сәуір таңғы уақытта, АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирияға қарсы ракеталық соққы жасады. Шабуыл нәтижесі Пентагон хабарлағандай, барлық мақсаттарда сәтті өтті. АҚШ Сирияға бағытталған зымыран соққысын «біржақты сигнал» және Дамаскқа химиялық қаруды қолдануға жол бермеу туралы ескерту деп атады.
Шабуылдың негізгі нысаны «Дамаскідегі ғылыми орталық, Батыс Хомстағы зимиялық қару қоймасы және сол жерге жақын маңдағы химиялық қару қоймасы» болды. Зардап шеккен обьектілердің, пентагон өкілінің айтуынша, химиялық қарудың үлгілері болған.
Сирияның жергілікті ақпараттық агенттіктері хабарлағандай Барзадағы зерттеу орталығына ракеталық соққы едәуір зиянын тигізген. Хомс қоймасының кешендеріне шабуылдаған уақытта бірнеше зымыран атып түсірілді. Ал зымырандардың кейбірі әуе қорғаныс қаруының әсерінен ұшу бағытын өзгертіп, басты мақсаттағы нысаннан ауытқыды.
Зымыран соққысы салдарынан үш адам қаза тапты. Сирияның әуе қорғаныс күштері Дамаскіге бағытталған бірнеше зымыранды құлатып түсірді. Дегенмен де, Сирия астанасындағы ғылыми орталық ракеталық соққыдан зардап шекті.