Сирияның қалыпқа келуі үшн 400 млрд $ қажет

0
59
Сирия/дереккөзден

Сирияның инфрақұрылымын қалпына келтіруге кем дегенде 400 млрд доллар кетеді, аталған үрдіс ондаған жылға созылады. Бұл туралы Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асад 15 сәуірде орыс парламентшілерімен кездесу барысында мәлімдеді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, делегация 15 сәуірде Дамаскке АҚШ бастаған батыс коалициясы Сириядағы бірқатар нысандарға шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін келді. Дегенмен, күн тәртібінде бұл мәселе қозғалмады.

Ресей енді Сирияға тек әскери ғана емес құрылыс техникаларын да жібереді. Сәуір айының басында Сирияны қалыпқа келтіру бойынша кепіл елдер бас қосқан саммитте президент Путин қазіргі кезде басымдық – бұл Сириядағы лаңкестермен күрес емес, ел экономикасын қалыпқа келтіру деп атап өтті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз