Астана мен Сеул қатынасында жаңа леп

0
105
Ақорда

Мемлекет басшысы Корея Республикасының сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.

Астана мен Сеул арасында сенімге негізделген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдастықтың көптеген мәселелері шешімін табуда. Сіздердің Орталық Азияда жүргізіп жатқан белсенді жұмыстарыңызды қолдаймыз,

– деді мемлекет басшысы.

Корея Республикасының Сыртқы істер министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан алған әсері жөнінде айтты.

Бұл – Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін сапарымның елордаларыңыздың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуінің мәні зор. Осы кезең ішінде Астана дамудың үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым,

– деді Кан Гён Хва.

Кездесуде сыртқы істер ведомствосының басшысы Қазақстан президентіне Корея Республикасының президенті Мун Чже Иннің ыстық ықыласын жеткізді.

«Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ынқтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті», – деді Кан Гён Хва.


Атап өтерлігі, бүгін сыртқы істер министрлігінде Оңтүстік Корея СІМ басшысы Кан Ген Хва мен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан-Корей сауда-экономикалық ынтымақтастығының дамуын, бірлескен халықаралық іс-шаралар кестесін және корейаралық диалог пен Корей түбегінің айналасындағы ахуалды талқыға салды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз