Өнермен қоғамға қолғабыс

0
345

Өнер арқылы елдегі онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға қол ұшын беру жобасы аясында Astana Music Hall ғимаратында өткен сенбіде «Сенің бағыңда» атты ән альбомы мен шоудың тұсаукесері өтті.

Шара барысында опера әншісі Жұлдыз Уалихан, балет бишісі Досжан Табылды т.б бірқатар мәдениет өкілдері өз өнерлерін ортаға салды.

Бұдан өзге аталған шоу аясында «Сенің бағыңда» атты жаңа бейнебаянның тұсаукесері өтті. Опера әншісі Ж. Уалиханның ән альбомынан түскен қаражат науқасқа шалдыққан 11 жасар А.Ж-ның ем-дом шараларын жасауға тапсырылатын болады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз