Африндегі операцияның салдарынан тарихи ескерткіштер бүлінді

0
377

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Африн аймағындағы түрік әскері мен жергілікті күрд жасақтары арасындағы әскери операция салдарынан ежелгі тарихы ескерткіштер мен құнды жәдігерлер бүлінген.

Африн күрдтері мен Түркия әскері арасындағы соқтығыстан Рим театры мен ғибадатханалар күйреген.

Тарихшылар біздің заманымыздан бұрын І ғасырда негізі қаланған көпірдің операция барысында қирағанын айтады. «Жауынгерлер көпірді ұрыс кезінде пайдаланды. Тарихи өте құнды мұраның маңына миналар орналастырды. Сирия демократиялық күштерінің қарулы топтары стратегиялық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан Кир қаласына кіріп, көп залалын тигізді. Олар римдіктер тұрғызған шаһарды дайындық лагеріне айналдырды», – дейді тарихшылар.

Сондай-ақ, ауыр зеңбіректердің атқылауынан Айн Дара ғибадатханасы едәуір зардап шеккен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз