Премьерлікке келген экс-президент халық наразылығына тап болды

0
89

17 сәуір күні Армения парламенті елді 10 жыл бойы басқарған экс-президент Серж Саргсянды премьер-министрі етіп сайлады. Алайда жаңадан тағайындалған премьер-министр парламенттік фракция тарапынан қарсылыққа ұшырады. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Серж Саргсянды премьер-министр болуына қарсы шыққан халықтың жаппай наразылығы бес күн бойы жалғасып келеді. Армения астанасы Ереванның орталығында құқық қорғау қызметкерлері мен наразылыққа қатысушылардың арасында қақтығыс болып, салдарынан ондаған адам жапа шекті.

Парламенттік фракцияның жетекшісі Никол Пашинянның бастауымен ереуілшілер полиция қызметкерлерімен қақтығысып, Арменияның Корнституциялық сот ғимаратына басып кірді. Бұған дейін наразылық білдіруші тарап Арменияның қоғамдық радиосының ғимаратына басып кірген болатын. Сондай-ақ, ереуілге шыққандар қаланың бірқатар маңызды көшелері мен жолдарын жауып тастады.

Сонымен қоса, олар қаладағы метроның жұмысын тоқтатып, Парламент ғимаратына басып кірмек болған.

Оппозициялық саясаткер Никол Пашинян тарапынан ұйымдастырылған наразылық акциясы 31 наурыздан бастап жүргізіліп келеді. Оның айтуынша, Парламенттік фракцияның жақтастары Армения астанасын жақын арада өз бақылауына алмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз