Елбасы Путинмен Сирия мәселесін талқылады

0
74

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен Сириядағы ахуалды талқыға салды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Телефон арқылы тілдесу барысында мемлекет басшылары алдымен екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сирия ахуалын талқылады.

Сирия аумағындағы ахуалды дамыту туралы пікір алмасқанда, басшылар жақында Сирия аумағына АҚШ пен оның одақтастарының зымыран соққыларын айыптады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Тараптар бұл агрессиялық әрекеттердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз жүзеге асырылғанын және халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын тікелей бұзғанын ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде Дума қаласында Башар Асад режимінің химиялық қару қолдану әрекетіне қарсы жауап ретінде АҚШ басшысы Дональд Трамп 14 сәуір сенбіге қараған түні Сирияға шабуыл жасау туралы бұйрық беріп, АҚШ, Ұлыбритания және Франция «Сирияның химиялық бағдарламасымен байланысы бар болуы мүмкін» деген нысандарға зымыран шабуылын жасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз