Никарагуада қақтығыс

0
170

Никарагуда ереуілшілердің полициямен қақтығысы салдарынан 25-ке жуық адам қаза тауып, 100-ге жуығы жарақат алды. Бұл туралы жексенбіде dpа агенттігі хабарлады. Сондай-ақ бір журналистің көз жұмғаны туралы ақпар бар, әлдекімдер тікелей эфир жүріп жатқан сәтте журналисті атып кеткен.

Никарагуада жаппай наразылық 18 сәуірден бері болып жатыр. Ереуілшілер елдегі әлеуметтік қамтамасыз ету реформасына наразы. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, реформа қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыру қорларына қосқан үлесін арттыруды және жәрдемақыны қысқартуды көздейді.

Қауіпті қақтығыс

Қақтығыс Никарагуаның бірнеше қаласында орын алуда (соның ішінде ел астанасы – Манагуа ). Жергілікті полиция ереуілшілерге қарсы резина оқтар мен көз жасаурататын газ пайдаланған. Ереуілшілер болса, полицияға тас кезенуде. Өз кезегінде Рим папасы Франциск тараптарды зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды.


Никарагуа – Батыс жарты шарындағы ең кедей мемлекеттердің бірі, ел қаржы дағдарысын өткеруде. Ел президенті Даниэль Ортега билікте 2006 жылдан бері, наразылыққа шыққандар ел президентін жемқорлық пен авторитарлық режимде айыптауда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз