АҚШ-тың әуе шабуылдарынан 883 бейбіт тұрған көз жұмған

0
103

Сирия мен Иракта 2014 жылы лаңкестерге қарсы әскери операция басталғаннан бері АҚШ-тың әуе шабуылдарынан 883 бейбіт тұрғын кездейсоқ қаза тапқан. Бұл туралы АҚШ-тың халықаралық коалициясының 26 сәуірде таратқан баяндамасында айтылған, деп хабарлайды dw.com.

883 адамның барлығы 2014 жылдан бері ДАИШ-қа қарсы жүргізілген әскери әуе операциясының құрбаны болды. Қазіргі уақытта тағы 476 іс зерттелуде.

Баяндамада көрсетілгендей 2014 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың наурызына дейін АҚШ Сирия мен Иракта лаңкестерге қарсы жүргізген ұрыста 29 мыңнан астам әуе шабуылын жасаған. Осы уақыт ішінде қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындар болуы мүмкін деген 2135 хабарлама келіп түскен.

АҚШ-тың халықаралық коалициясының баяндамасында сондай-ақ, Сирия мен Иракта халықаралық коалицияның қолдауымен 7,7 миллионнан астам адам мен ел аумағының 98 пайызы лаңкестердің бақылауынан босатылғаны жөнінде айтылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз