Ауғанстан астанасы Қабылда 30 сәуірде болған екі жарылыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 20-сы жараланады. Бұл туралы Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі хабарлады. Жарылыс АҚШ елшілігі және ауған мемлекеттік қауіпсіздігі штаб-пәтерінен сәл алшақ аумақта орын алған.
Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, екінші жарылыс салдарынан журналистер зардап шеккен. Анықталғандай, журналистердің біреуі қаза тапқан. Жарақаттанғандардың барлығы Қабылдағы ауруханаларға жеткізілген. Жарылыс қызметкерлер жұмыстарына бет алғанда болған.
Қабылдағы жергілікті полиция өкілдері жарылысты жанкештілер жасауы мүмкін деп топшылауда. Әзірге орын алған жарылысқа ешкім жауапкершілік алған жоқ. Өткен аптада Қабылдағы сайлаушыларды тіркеу орталығында жарылыс болып, салдарынан 60 адам көз жұмған еді.