Армениядағы ереуіл көшбасшысы, елдің премьер-министрлігіне үміткер Никол Пашинян кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді жоққа шығармайды. 29 сәуірде Пашинян кезектен тыс сайлау екі ай ішінде өтуі мүмкін екендігін мәлім етті.
Бұдан өзге Пампео өз жақтастарын 30 сәуір яғни дүйсенбі кешке дейін ереуіл өткізбеуге шақырды. Саясаткердің сөзінше, 30 сәуірде ол парламент фракцияларының өкілдерімен кездеседі. Пашинян ереуілдер жүріп жатқанда тыныш жұмыс істей алмайтындығын алға тартып, «ертең тайм-аут» деп мәлімдеді.
Deutsche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, 1 мамырда Арменияда премьер-министрді тағайындау үшін парламент сайлауы өтуі ықтимал. Пашинян премьер-министрлікке жалғыз үміткер. Үш фракция бұған дейін Пашинянды қолдайтындарын мәлім етті. «Елк» фракциясын басқаратын Пашинянның өзі премьер-министр лауазымына құлықты екенін жеткізді.
Еске салсақ, жақында Арменияның премьер-министрі қызметіне кіріскен экс-президент Серж Саргсян отставкаға кетті. Саргсянның қызметінен өз еркімен бас тартуына республика көлемінде күннен күнге артып жатқан наразылық шерулері түрткі болды.
Сафина Саид