Франция Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімді қайта қарауға мүмкіндік береді, бірақ бұл Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына түрткі болмауы керек. Мұндай ұстанымды Франция президенті Эммануэль Макрон білдірді. Франция басшысы қазір Автралияда үш күндік мемлекеттік сапарда жүр.
«АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 мамырда аталған мәселеге қатысты қандай шешім қабылдайтынын білмеймін», деп мәлімдеген Макрон қандай шешім қабылданса да, кең көлемді, жаңа келіссөздер жүргізуге дайындалу қажеттігін алға тартты, деп жазады Euronews.
«Ешкім де Таяу Шығыста соғыс болғанын , ешкім де жағдайдың ушыққанын қаламайды деп ойлаймын»,
– дейді Макрон.
Өткен жылдың басында президент Трамп Иранның ядролық бағдарламасының шарттары қатаңдатылмаса, АҚШ шартты тәрк етеді деп сес көрсеткен болатын. Трамптың пікірінше, аталған шарт Иран үшін «тым жұмсақ».
Iran is playing with fire – they don't appreciate how "kind" President Obama was to them. Not me!
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) February 3, 2017
Трамп өзі қойған алғышарттардың орындалуына 12 мамырға дейін уақыт белгіледі. Бұл жайттардың барлығы ресми Тегеранда теріс әсер тудырды.
Iran lied. Big time. pic.twitter.com/ojEEpgW33n
— Benjamin Netanyahu (@netanyahu) April 30, 2018