Франция: «Иран бойынша жаңа келіссөздерге дайындалу қажет»

0
92

Франция Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімді қайта қарауға мүмкіндік береді, бірақ бұл Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына түрткі болмауы керек. Мұндай ұстанымды Франция президенті Эммануэль Макрон білдірді. Франция басшысы қазір Автралияда үш күндік мемлекеттік сапарда жүр.

«АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 мамырда аталған мәселеге қатысты қандай шешім қабылдайтынын білмеймін», деп мәлімдеген Макрон қандай шешім қабылданса да, кең көлемді, жаңа келіссөздер жүргізуге дайындалу қажеттігін алға тартты, деп жазады Euronews. 

«Ешкім де Таяу Шығыста соғыс болғанын , ешкім де жағдайдың ушыққанын қаламайды деп ойлаймын»,

– дейді Макрон.

Өткен жылдың басында президент Трамп Иранның ядролық бағдарламасының шарттары қатаңдатылмаса, АҚШ шартты тәрк етеді деп сес көрсеткен болатын. Трамптың пікірінше, аталған шарт Иран үшін «тым жұмсақ».

Трамп өзі қойған алғышарттардың орындалуына 12 мамырға дейін уақыт белгіледі. Бұл жайттардың барлығы ресми Тегеранда теріс әсер тудырды.

Сондай-ақ жақында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран билігін жалған мәлімдемеде айыптады (Нетаньяхудың пікірінше, Иран келісім бойынша міндеттемелерге қол қойғанымен, ядролық қару жасауды доғармаған) , бұл шартқа қатысты мәселеде отқа май құйды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз