АҚШ-та әуе апаты

0
130
дереккөзден

АҚШ-тағы Джорджия штатында С-130 әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырады, алдын ала мәліметтер бойынша бортта тоғыз адам болған, барлығы қаза тапқан. Бұл туралы АҚШ Ұлттық гвардиясының ресми өкілі хабарлады.

С-130 Аризон штатындағы әскери-әуе базасына бағыт алған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін құлаған деген ақпар бар.

Әуе апаты халықаралық әуежай маңындағы жол айрығының жанында болған. Жердегі жаяу жүргіншілер зардап шекпеген.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, С-130 маркалы ұшағы Пуэрто-Рико Ұлттық гвардиясына тиесілі. Оқиғаның анық-қанығы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ, тергеу ісі жүргізілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз