Солтүстік Корея американдық тұтқындарды босатты

0
428

Корея Халық Демократиялық Республикасының президенті Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өтетін саммит қарсаңында Пхеньян шпиондық әрекеттерімен қамауға алынған американдық үш азаматты түрмеден босатты. Бұл туралы korrespondent хабарлайды.

Солтүсьік Корея түрмесінде қамауда отырған американдық үш азамат кеше Пхеньяндағы қонақ үйлердің біріне ауыстырылды.

Қамаудан босатылған үш адам да кәріс ұлтынан шыққан америка азаматтары.

Олардың бірі 2005 жылы қамауға алынған. Қалған екі азамат Солтүстік Кореяның Жоғарғы оқу орнында ұзтаздық қызмет атқарып жүрген уақытта, 2017 жылы қамауға алынған.

Еске сала кетейік, Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның шекарасындағы Пханмунджом демилитаризацияланған келіссөздер пунктінде кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз