Ресей: Иранмен келіссөздер сақталуы тиіс

0
53
дереккөзден

Ресей АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы келісімін тәрк етсе де, келісім сақталуы керек деген талап қойды. Мәскеу құжаттың негізгі ережелері атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкцияларының тоқтатылуы туралы шешім өзгертуге келмейді деп мәлімдеді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Бірлескен іс-қимыл жоспары келісімі құрамында бар мемлекеттерді мәмілені әрі қарай сақтап қалу үшін келіссөздер өткізуге шақырды.

Еуропа – Келіссөздер сақталуы тиіс

«Ядролық мәмілені» Ресей СІМ басшысы Германия СІМ басшысы Хайко Мааспен талқылаған. Маастың айтуынша, Еуропа Тегеранмен жасалған келіссөздердің сақталуына бейілділік танытты, «Иранның келіссөздерді тәрк етпегені, өз міндеттерін орындағаны жөн» дейді Германия СІМ басшысы.

АҚШ Иранмен жасалған келіссөзден шыққанан кейін Иран уран байыту көздерін қайта жаңартамын деп сес көрсетті. Өз кезегінде, Иран парламентінде депутаттар АҚШ туы мен 6 мәмілеге келуші тараптың келісімін көрсететін қағаз парағын өртеп жіберді.


Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 9 мамырда Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық мәмілесін тәрк ететінін мәлімдеді. BBC таратқан ақпарға сәйкес, Трамп АҚШ қаржы министрлігіне жақын арада Тегеранға қатысты санкцияларды қалпына келтіру туралы тапсырма міндеттеген. 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз