Пхеньян тұтқында болған АҚШ азаматтарын босатты

0
107
Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстік кореялық түзету лагерінен босатылған үш Америка азаматын өзі күтіп алды. АҚШ азаматтары Мэрилендтегі Эндрюс әуе базасына мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның ұшағымен жеткізілді. Мемлекеттік департамент басшысы Пхеньянда Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның кездесуін ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүр еді. Тұтқындағылардың саммитке дайындық қарсаңында босатылуы маңызды қадам болғандығы айтылады.

Трамп Ким Чен Ынге осы орайда алғыс білдірді. Бұдан өзге президент бастысы әлі алда екенін алға тартты: «мен үшін үлкен жетістік – Корей түбегінің толықтай қарусыздануы».

Солтүстік Кореядағы түзету лагерінен босатылған үш АҚШ азаматы Euronews таратқан ақпарға сәйкес, өздерін қалыпты сезінеді. Олар бақытты екендерін жеткізіп, АҚШ билігіне зор алғыстарын білдірді.

Солтүстік Корея БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, Майк Помпеоға тұтқындарды беру рәсімінде Пхеньян өкілдері аталған шешімнің «оңайға түспегендігін» айтқан.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз