Трамп пен Ким Чен Ын Сингапурда кездеседі

0
65
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның тарихи кездесуі 12 маусым Сингапурда өтеді. Аталған ақпаратты АҚШ басшысы Twitter парақшасында жариялады.

Трамп Ким Чен Ынмен өтетін келіссөздерге үлкен үміт артатынын мәлімдейді: «Біз екеуміз бұл оқиғаны жаһандағы бейбітшілік үшін аса маңызды өткізуге тырысамыз». Бұған дейін Трамп Корей түбегінің ядролық қарусыздануын өзінің үлкен жетістігі деп білетінін мәлімдеген еді.


Трамп пен Кимның ықтимал кездесуі туралы корейаралық саммитке дайындық барысында мәлім болды. 27 сәуірде Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мен екі мемлекеттің ынтымақтастығы мәмілесіне қол жеткізді. Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин қабылдаған декларацияда «Корей түбегінде енді ешқашан соғыс болмайды, жаһанның жаңа ғасыры басталады» деп жазылған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз