15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз – Ерлан Сағадиев

0
81

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерден 15 мамырда Республика бойынша жаплыұлттық ата-аналар жиналысына қатысу үшін ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады.

Мектепішілік жиналысқа ата-аналардың қатысу деңгейі төмен екенін ескере кеткен министр отандық жұмыс берушілерден ата-аналарды уақытынан ертерек босатуды сұрап, «Өздерiңiз бiлесiздер, бiзде әдетте жиналысқа орташа алғанда ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы келдi. Бұл өте жақсы нәтиже. Бiз биыл осы нәтиженi қайталағамыз келедi. Сондықтан, Бiлiм және ғылым министрлiгi атынан барлық жұмыс берушiлерден, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан ата-аналарды 15 мамыр күнi жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз», – деп хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз