Пхеньян Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының қарулы күштерінің бірлескен әскери жаттығуларына қарсы. Сол себептен 16 мамырға жоспарланған Оңтүстік Кореямен жоғары дәрежедегі келіссөздерден бас тартты. Бұл туралы Reuters агенттігі Сотүстік Корея БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.
Еске саламыз, жоғарғы деңгейдегі корейаралық саммит 16 мамыр Пханмунджомдағы Бейбітшілік үйінде өткізіліп, тараптар бөлінген туыстарды қайта кездестіру, Қызыл Крест желісі бойынша диалогты жаңғырту, қос Корея спортшыларының бір ту асытында өнер көрсетуі туралы мәселелер талқылануы тиіс болатын.
Жоғары деңгейде өтетін саммитке Солтүстік Корея 29 адамнан тұратын делегаттарын да жіберіп үлгерген еді.