Сағынтаев Қытай елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті

0
84

Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Сағынтаев Қазақстандағы ҚХР-ның елшісімен энергетика, машина жасау, өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, цифрлық және көліктік-логистикалық инфрақұрылым, Индустрия 4.0 технологиялары мен құзыреті салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, деректер орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 3 қаңтардан бастап орнады.

2017 жылы Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі болды. Екіжақты сауда көлемі $10,5 млрд (2016 жылмен салыстырғанда +32,6%), соның ішінде Қазақстан экспорты — $ 5,8 млрд (+ 36,6%), ҚР-ға импорт — $4,7 млрд (+27,9%) құрады.

2016 жылғы желтоқсанда Өндірістік қуаттарды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жобаларды қаржыландыру үшін жарғылық капиталы $2 млрд болатын Қазақстан–Қытай өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры құрылды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерінің тауар айналымы $345 млн құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 32%-ке ($261 млн) ұлғайған.

2017 жылы ҚХР-ға АӨК өнімдерін экспорттау $180,5 млн құрады және 34,3%-ке ($134,4 млн-нан $180,5 млн-ға дейін) өсті. Бидай экспорты $57,5 млн сомасына 306,9 мың тоннаны құрады (2016 жылы бидай экспорты 281,1 мың тоннаны немесе $52,4 млн құрады).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз