Сирия оппозициясы Сочи келіссөздерінен бас тартты

0
55

Сирия оппозициясы Сирия дағдарысы жөніндегі Астана процесінің 10-шы кезеңін Сочиде өткізуге наразылық танытты.

Астана процесінің 9-шы кезеңінде сириялық оппозиция делегациясын бастап келген Ахмед Тома Түркия, Тран және Ресей делегатының бірлескен мәлімдемесінен кейін «Келіссөз өткізілетін жалғыз тиімді орын Астана. Сол себептен келесі жоғары деңгейдегі кездесулер Астанада жалғасқанын қалаймыз. Біз Сирия келіссөздері үшін өзге жерге бармаймыз», деп мәлімдеді.

Еске саламыз, бүгін Астанада өткен Сирия дағдарысы жөніндегі Халықаралық жоғары деңгейдегі келіссөздер өз мәресіне жетті.

Келіссөздер қорытындысында Иран, Түркия және Ресей бірлескен мәлімдеме жасап, Астана процесінің 10-шы кезеңі алдағы уақытта Сочиде өткізілетінін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз