Техаста қанды шабуыл: 10 оқушы қаза тапты

0
101

18 мамырда АҚШ-тың Техас штатындағы Санта-Фе мектептерінің бірінде болған атыс салдарынан 9 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты, 9 адам жараланды. Аймақ шерифы Харрис Эдис Гонсалестың сөзінше, атысты жасаған мектеп оқушысы, қазір оқушыны полиция құрықтаған.

Техас штатының губернаторы Грег Эббот мектептегілерге оқ атқан жасөспірімнің қаруды әкесінен алғанын хабарлады, дейді ABC News. 18 мамырда соңғы емтихан күні болған. Оқиғаның бұған қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мектеп әкімшілігі оқу ғимаратының аумағынан және соған тараптас аумақтан жарылғыш заттар табылғандығын хабарлады.

Өз кезегінде АҚШ президенті Д. Трамп Техас штатындағы мектепте болған атыс «жақсы емес», – деп жазады өзінің Twitter парақшасындағы шағын блогында. Reuters таратқан ақпарға сәйкес, Трамп оқиғаны тергеп-тексеруді федералды және жергілікті билік қолға алғандығын хабарлады.

АҚШ мектептерінде соңғы уақытта жасөспірімдердің қолына қару-жарақ алып, атыс шығаруы өршіп барады. Осы жылдың ақпан айында Флорида штатындағы Паркленд қаласында жасөспірім мектептегілерге оқ атып, салдарынан 17 адам қаза тапқан еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз