«АҚШ-ты сотқа береміз» – Иран

0
103
дереккөзден

Иран АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға жауап қайырды. Помпео Иранға қатысты Америка әкімшілігінің саясатына арналған «Мұра» үкіметтік емес қорында жасаған мәлімдемесінде егер Тегеран өзінің саяси бағытын өзгертпейтін болса, АҚШ Иранға ең қатаң санкциялар салады, деп сес көрсеткен болатын.

Иран СІМ мемлекет АҚШ мемлекеттік хатшысының жасаған мәлімдемесін «елдің ішкі ісіне араласу сондай-ақ БҰҰ құрамындағы мемлекетке заңсыз сес көрсету» деп қабылдайтындарын айтып, Помпеоның мәлімдемесін «ұятсыздық» деп атады. Сондай-ақ аталған жайт АҚШ-тың сот алдында жауапқа тартылуына түрткі болатыны аталды.

Иран сыртқы саясат ведомствасының басшысы АҚШ аймақтағы бәз-баяғы сәтсіз саясаттың тұтқыны болып қалатындарын және аталған әрекеттері үшін  жауап беретіндерін алға тартты, деп жазады Euronews.

Вашингтонның Тегеранға қарсы салатын санкциялары бойынша шетелдік компаниялар белгілі бір уақыт аралығында өз активтерін Иран аумағынан шығаруы тиіс. Олай болмаған жағдайда, аталған компаниялар Вашингтон алдында жауапқа тартылады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз