Вашингтон алдағы аптаның басында Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізуі ықтимал.
РИА Новостидің мәліметіне қарағанда, АҚШ КХДР-ға қарсы жаңа санкциялар енгізуді өткен тәуліктегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыға салған.
Еске саламыз АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусым Сингапурда өтетін АҚШ-КХДР саммитіне қатыспайтынын айтып, Пхеньянға хат жолдады.