АҚШ президенті әкімшілігі ұлттық қауіпсіздік мақсатында автокөлік импортына 25 пайыздық баж салығын салуға ниетті. Бұл туралы Reuters дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталған қауіптердің негізді болуы үшін АҚШ-тың Сауда министрлігі тергеуді бастады.
Бұл жоспар бизнес-қауымдастықтың кейбір өкілдері тарапынан белсенді қарсылыққа ұшырауы мүмкін, деп жазады Euronews. Аталған бизнес-қауымдастық қатарына АҚШ-пен әріптестік орнатқан шетелдік компаниялар, америкалық бөлшек саудагерлер мен импортты автокөлік сатушылар кіреді.
«Біздің ұлы автокөлік өндірісін орасан зор жаңалықтар күтуде. Сіздер ұзақ жылдар бойы шетелде жұмыс істеп, уақыт жоғалтып, шыдам тауыстыңыздар», – деп жазады Трамп өзінің Twitter парақшасында.
There will be big news coming soon for our great American Autoworkers. After many decades of losing your jobs to other countries, you have waited long enough!
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) May 23, 2018
Трамп бұған дейін де Еуроодақты АҚШ-тың Еуропаға көлік экспортына кедергі келтіруде деп айыптаған еді.
Сафина Саид