Қазақстан Өзбекстанның түлектеріне жоғары оқу орнына түсу үшін 10 мың грант бөлді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті шешімі Самарқанда өткен Қазақстанның білім күндерінде жарияланған.
Өзбекстанның талапкерлері Қазақстанның 30-ға жуық түрлі университет, институт және академияда жеңілдікпен экономикалық, техникалық, медициналық және гуманитарлық салада жоғары білім ала алады.
Сондай-ақ, екі елдің жоғары білім дипломын өзара мойындау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқандығы да хабарланған.
Соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасында барлық салада қарым-қатынас кеңінен дамып келеді. Бір жылдың ішінде екі елдің арасында 62 млн доллар болатын сегіз инвестициялық құжатқа қол қойылған.