Білім саласында жұмыс істейтін Quacquarelli Symonds зерттеу компаниясы жаһандағы ең үздік университеттер тізімін жариялады. Өткен 7 жылдағыдай Массачусетс технология институты үздік университеттер қатарында көш бастады.Бұл туралы Вести Экономика жазады.
QS жыл сайын ең үздік университеттер тізімін академиялық дәрежесі, қызметкерлер деңгейі, факультет санына студенттер санының сәйкес келуі, сондай-ақ университеттің халықаралық деңгейі критерийлерін басшылыққа ала отырып сараптайды. Сарапшылар әр университетке 0-ден 10-ға дейінгі ұпай қояды.
Ұпай саны бойынша үздік университеттер айқындалады: ұпай қаншалықты көп болса, соншалықты университет деңгейі көш бастайды.
Барлық санат бойынша Массачусетс технология институты 100 ұпайды еншіледі. Аталған ЖОО ұпай саны бойынша Кембридж және Оксфорд университеттерін жолда қалдырды.
39 университет 100 ұпайдың 80 еншіледі. Аталған ұпайды еншілегендердің басым көпшілігі АҚШ ЖОО. Кейіннен Қытай мен Ұлыбритания.
Массачусетс институынан кейін екінші және үшінші орындарды Стэнфорд университеті мен Гарвард университеті иеленді.